Алматының Түрксіб ауданында Сүйінбай даңғылындағы базар аумағында өрт шығып, қоғамдық тамақтанудың бес бутигін жалын шалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде бес сауда нүктесінің ашық жануы байқалған.
ТЖМ қызметкерлері жалынның көршілес үй-жайларға таралуына жол бермеді.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
Бұған дейін құтқарушылар Алматыда сегіз үй мен алты шаруашылық құрылысын өрттен қорғағаны хабарланған болатын.
