19 тамыз 2026 жылы күндіз Алматыда, ал түнде Атырау, Ақтөбе, Өскемен және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бейсенбіде «Қазгидромет» РМК сайтында жарияланған ескертуде айтылған.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфералық ауаның жер бетіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе ластанудың басқа көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек.
