Әлеуметтік желіде тараған видеода екі қабатты супермаркет ғимаратының іргетасы су астында қалған, жанында тұрған бірнеше көлік те суға кеткен. Видео авторының айтуынша, бұл Алтын Орда маңында, «Барлық» базарының жанында болған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға орнында жағдайды тұрақтандыру үшін екі трактор мен бір тиегіш жұмыс істеп жатыр. Өзен арнасын тазарту және судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 1 шілдеде Алматы облысының Қаскелең шатқалында өзен көпірді ішінара бұзған.
Дереккөз: Zakon.kz