Алматыда үйлену тойына дайындық кезінде екі ер адам арасында жанжал шығып, пышақтау оқиғасы болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын айтты. Бостандық ауданындағы сауда үйлерінің бірінің автотұрағында ер адам мен оның болашақ әйелінің ағасы арасында жанжал шыққан.
Дау-дамайдың қызған тұсында, тергеу нұсқасы бойынша, қатысушылардың бірі пышақ алып, қарсыласын жарақаттаған. Жәбірленушіге медициналық көмек қажет болып, ауруханаға жатқызылған.
Күдікті полиция қызметкерлерімен ізін суытпай ұсталды. Қазір тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Дереккөз: Zakon.kz