Алматы әкімдігінің мәліметінше, құтқарушылар Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Қарғалы тау өзендеріндегі жағдайды тәулік бойы бақылап, мониторинг бекеттерінен сағат сайын ақпарат беріп отыр.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Алматы әуежайындағы жаңа терминалды жеке инвестиция есебінен салынғанын еске салды, ал болашақта тәуекелдерді азайту үшін шатырға қосымша су бұрғыштар орнату жоспарланғанын айтты.
Алматы әуежайының Т1 және Т2 терминалдарында қатты жаңбырдан шатыр ағып, су басқан. Әуежай қызметкерлері салдарын 30 минутта жойды, рейстерге әсер еткен жоқ.