10 шілдеден бастап «Алматы – Хоргос» автожолының ақылы учаскесінде жылдамдық режиміне автоматты бақылау енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақылау жүйесі 25-тен 253 км-ге дейінгі учаскеде екі бағытта да жұмыс істей бастайды.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында түсіндіргендей, бұл шара жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, апаттылықты азайту және трассадағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
Автокөлік иелері белгіленген жылдамдық режимін (110 км/сағ) сақтауды және «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» белгілерінің талаптарын басшылыққа алуды сұрайды.
Бұған дейін Астана – Қарағанды – Алматы трассасында қозғалыс уақытша шектелгені хабарланған еді.
Дереккөз: Inform.kz