...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ақылы тұрақтар орнатылатын көшелер тізімі бекітілді

Алматы әкімдігі ақылы коммуналдық тұрақтар орналасатын орындардың тізбесін бекітті. Тиісті қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құжат «Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес қабылданып, ақылы тұрақ аймақтары ұйымдастырылатын қалалық көшелердің учаскелерін айқындайды. Алматы қалалық мобильділік басқармасына қаулыны Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтына ресми жариялау және нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберу тапсырылды. Сондай-ақ ведомство құжатта көзделген басқа да іс-шараларды орындауы тиіс.

Қаулының орындалуын бақылау Алматы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелген.

Ақылы коммуналдық тұрақтар ұйымдастырылатын көшелердің толық тізімі қаулыға қосымшада жарияланған.

Дереккөз: Inalmaty.kz