...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы әуежайындағы жаңғырту жұмыстары қашан аяқталады

Халықаралық Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалын жаңғырту бойынша негізгі жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды әуежайға жұмыс сапары барысында халықаралық әуежай президенті Гокер Косе қайта жаңғырту барысы туралы баяндады.

Жаңа халықаралық терминал ашылғаннан кейін барлық ішкі рейстер 1-терминалға ауыстырылды, онда қазір кешенді жаңғырту жүргізілуде.

Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, қайта жаңғырту ғимараттың барлық негізгі аймақтары мен инженерлік жүйелерін қамтиды. Атап айтқанда, еден мен төбенің жабындары, санитарлық бөлмелер мен электр жүйелері жаңартылуда, жолаушыларды тіркеу және багаж өңдеу аймақтары жаңғыртылуда.

Сапар барысында әкімге 1-терминалдың тіркеу аймағы, сондай-ақ №3 және №4 гейттер арасындағы терраса таныстырылды, онда жаңа қоғамдық тамақтану нүктесін ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар, №6 және №7 гейттер арасындағы жаңа көпір жобасы мен №8 гейтті қайта жаңғырту барысы көрсетілді. Қала басшысы жаңа балалар алаңдарын, санитарлық бөлмелерді, багаж беру аймағын және ішкі рейстер терминалының VIP Lounge залын да қарап шықты.

Жаңғыртудың негізгі кезеңі қыркүйек айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Одан кейін жұмыстар ішкі және халықаралық рейстер терминалдарын байланыстыратын дәлізде жалғасады. Оны жабдықтауды қазан-қараша айларында аяқтау көзделуде.

Сондай-ақ әуежай аумағында жаңа кіреберіс тобының құрылысы жалғасуда.

Айта кетейік, биылғы жылдың маусым айында Алматы әуежайының аумағында құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс конструкциясының құлауы орын алған болатын. Әуежайда түсіндіргендей, инженерлік жүйелерді монтаждау кезінде икемді желдету гофрасының элементі оны төбенің деңгейінен төмен түсіру кезінде ішінара ажыраған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сондай-ақ мамыр айында Майлин көшесі жағынан негізгі кіреберіс тобын қайта жаңғыртуға байланысты Алматы әуежайының аумағына кіру схемасы өзгертілген болатын.

Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов алдағы жылдары қаланың халықаралық әуежайында қандай өзгерістер күтілетінін айтқан еді.