...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы әуежайында екі маскүнем жолаушыны Астанаға рейстен түсіріп тастады

Алматы әуежайында екі жолаушыны Астанаға ұшатын рейске отырғызбады, себебі олар масаң күйде болып, тәртіп бұзған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ ақпараттық порталының мәліметінше, Алматы әуежайындағы көлік полициясы қызметкерлері әуекомпания өкілдерінің актісі бойынша Астанаға рейстен екі ер адамды түсірген. Олар қоғамдық тәртіпті бұзған.

Құқық бұзушылар 37 жастағы Алматы тұрғыны және 26 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Рейске тіркелу кезінде екеуі де масаң күйде болып, тәртіп бұзған. Оның ішінде 26 жастағы жолаушы былапыт сөйлеген.

«Бір құқық бұзушыға қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін әкімшілік материал жасалды. Ол мұндай құқық бұзушылықты қайталап жасағандықтан, жиналған материалдар сотқа жіберілді. Екінші жолаушы екі бап бойынша жауапқа тартылды: қоғамдық орында масаң күйде жүру және ұсақ бұзақылық», — деді көлік полициясы департаменті бастығының бірінші орынбасары Теміржан Рамазанов.

Дереккөз: Nur.kz