Алматыда Төле би көшесіндегі жол жұмыстары аясында Ашимов көшесінің бір бөлігінде уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 шілде күні сағат 23:00-ден 26 шілде күні сағат 15:00-ге дейін Көлібеков көшесінен Машана көшесіне дейінгі аралық жабылады.
Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер орнатылады.
Бұған дейін алматылықтарға Құлжа трактысында жол жөндеуге байланысты уақытша шектеулер енгізілетіні ескертілген болатын.
Дереккөз: Nur.kz