Алматы полиция департаментінің тергеушілері жыл басынан бері қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы 5,6 мыңнан астам ұсыным енгізді. Нәтижесінде 278 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, ұсынымдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес енгізіледі. Олардың мақсаты – қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осындай фактілердің қайталануын болдырмау.
Полиция департаментінің деректері бойынша, жыл басынан бері ұсынымдарды қарау нәтижесінде 174 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тағы 104 адам анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шара қолданбағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
– Әрбір ұсыным – нақты профилактикалық шара. Біздің міндетіміз жасалған қылмысты тергеумен шектелмейді. Біз оның жасалу себептерін талдап, оларды жоюға қол жеткіземіз, болашақта осындай фактілерді болдырмау үшін. Дәл осы тәсіл қылмыстың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Алматы полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Кенен Жеделбаев.
Полицияда тергеушілердің ұсынымдары бойынша қалада 149 бейнебақылау камерасы орнатылғаны, бірқатар нысандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілгені, апаттық-қауіпті жол учаскелерінің жарықтандыруы жақсартылғаны, азаматтарды интернет-алаяқтықтан қорғаудың қосымша тетіктері енгізілгені, сондай-ақ қажетті ұйымдастырушылық және кадрлық шешімдер қабылданғаны хабарланды.
Ведомство қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жұмысы «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
Дереккөз: Inform.kz