...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы әкімі тұрғындар өтінішіне жедел жауап беруді тапсырды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Бірыңғай байланыс орталығы 109 және мемлекеттік қызметшілерге мегаполис тұрғындарының өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі Дархан Сатыбалды қалалық қызметтердің жұмыс тиімділігі, тұрғындармен өзара іс-қимылды жетілдіру және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мәселелері бойынша кеңес өткізген.

Кеңесте Бірыңғай байланыс орталығы 109-дың жұмысы, өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуы, халықпен кері байланыс сапасын арттыру, сондай-ақ аудандық әкімдіктер мен салалық басқармалардың қызметін үйлестіру мәселелері көтерілген.

Кеңес қорытындысы бойынша Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындардың өтініштерінің орындалуын бақылауды күшейтуді, проблемалық мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз етуді, көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруды және жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы тұрғындарды уақтылы хабардар етуді тапсырды, — делінген әкімдік хабарламасында.

Дереккөз: Nur.kz