Алматыда қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 2026 жылғы 28 қазанда қалалық көлік басқармасы мәлімдеді. Шешім күндізгі уақытта автобустардың толық жүктелмей жүретініне байланысты қабылданды.
Ведомство түсіндіргендей, таңертеңгі уақытта автобусқа сыю мүмкін емес, ал күндіз көлік жартылай бос жүреді.
Сонымен қатар басқарма тасымалдаушылардың деректеріне сілтеме жасай отырып, қарбалас сағаттарда жолаушылардың 30%-дан астамы жол ақысын төлемейтінін атап өтті.
Күз басталғаннан бері алматылықтар автобустардың толып кетуіне шағымдана бастаған. Көлік басқармасы жолдардың жоғары жүктелуіне, әсіресе қарбалас сағаттарда, кідірістер мен кестеден ауытқулар туындайтынын, бұл қозғалыс аралықтарының ұлғаюына және аялдамаларда жолаушылардың жиналуына әкелетінін мәлімдеді.
Ал «Алматыэлектротранс» кәсіпорны бос автобустарды күтіп тұрған жолаушылар көп аялдамаларға жіберуді ұйғарды.
