...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Қоғам

Астана мен Алматыда аяз -4°С-қа жетеді, Шымкентте +21°С жылы

Қазан айының соңында еліміздің үш мегаполисінде ауа райы айтарлықтай өзгеше болады: Астана мен Алматыда түнде аяз -4°С-қа дейін төмендесе, Шымкентте күндіз +21°С-қа дейін жылы болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астанада 29 қазанда айнымалы бұлтты, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауады. Күндіз жел екпіні секундына 14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +9+11°С.

30 қазанда айнымалы бұлтты, түнде қар, күндіз аздаған жаңбыр. Жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +5+7°С.

31 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 12 метр. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +7+9°С.

Алматыда 29 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +11+13°С.

30 қазанда айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +12+14°С.

31 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +12+14°С.

Шымкентте 29 қазанда айнымалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +16+18°С.

30 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 13 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +17+19°С.

31 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +19+21°С.