...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы әкімі Есентай өзені арқылы өтетін веложаяужол көпірінің құрылысын тексерді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында әл-Фараби даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін веложаяужол көпірінің құрылысымен танысып, өзен жағалауының жөндеу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің хабарлауынша, даңғылдың оңтүстік жағында көпір құрылысы аяқталған. Солтүстік жағында жұмыстарды бір апта ішінде аяқтау жоспарланған. Одан кейін мердігер ұйым инженерлік желілерді қайта жабдықтауға және іргелес аумақты абаттандыруға кіріседі.

Сонымен қатар, қала басшысы әл-Фараби даңғылынан Рысқұлов даңғылына дейінгі Есентай өзені жағалауының жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскесін аралады.

Жоба демеушілер қаражаты есебінен іске асырылуда. Ол гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіруді, өзен арнасын тазартуды, темірбетон конструкцияларын жөндеуді, жаңа қоршаулар орнатуды, жаяу жүргіншілер көпірлерін салуды, тротуар плиткасын төсеуді және аумақты көгалдандыруды көздейді.

Бүгінгі күні жоспарланған жұмыстардың шамамен 50 пайызы орындалған.

Сапар қорытындысы бойынша Дархан Сатыбалды құрылыс қарқынын жеделдетіп, негізгі жұмыстарды ағымдағы құрылыс маусымында аяқтауды, олардың тиісті сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.

Дереккөз: Almaty.tv