...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы-1 вокзалын қайта жаңғыртуға 500-ден астам маман жұмылдырылды

Қазіргі уақытта Алматы-1 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. Жобаны іске асыруға 500-ден астам маман жұмылдырылып, жұмыс тәулік бойы екі ауысымды режимде жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезеңде нысанның құрылыстық дайындығы 40%-ды құрайды. Атап айтқанда, шатырдан нөсер кәрізі жүйесі орнатылып, сыртқы демонтаж, сыртқы витраждар мен инженерлік желілерді бөлшектеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аралдық перрон платформасы мен уақытша электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды.

Нысанда шатырды орнату, металл қаңқаны нығайту, инженерлік желілерді, жылу, желдету және автоматты өрт сөндіру жүйелерін монтаждау, сондай-ақ ішкі қабырғалар мен бөлгіштерді тұрғызу жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, нысанды заманауи технологиялық жабдықтармен жарақтандыру жүргізілуде. Сыртқы және ішкі витраж жүйелерін жеткізу және монтаждау, лифт және эскалатор жабдықтарын, сондай-ақ жылу, желдету және ауа баптау жүйелеріне арналған инженерлік жабдықтарды жинақтау жұмыстары атқарылуда.

Алматы-1 вокзалын қайта жаңғырту жобасы нысанның эстетикалық және функционалдық сапасын жақсартып қана қоймай, жолаушыларға қызмет көрсету деңгейі мен жайлылығын арттырып, көлік инфрақұрылымының заманауи талаптарына сай болады.

Дереккөз: Almaty.tv