...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы – Қонаев тасжолында 140 км/сағ жылдамдықпен жүріп, төбелескен жүргізушілер жазаланды

Алматы – Қонаев тасжолында болған жол төбелесінің видеосын куәгерлер жариялады. Әлеуметтік желідегі жазбада: «Бір топ жас жігіт тікелей оң жақ шеткі жолақта тоқтап, араларында төбелес басталды. Мұның бәрі жолдың жүру бөлігінде болып, басқа жүргізушілер үшін апатты жағдай туғызды», – делінген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жүргізушілердің ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылғанын растады. Жағдайды анықтау барысында 22 және 19 жастағы жүргізушілер арасында жол жағдайына байланысты ауызша жанжал туындағаны белгілі болды.

Айта кетейік, тасжолдың негізгі бөлігінде жеңіл автомобильдер үшін рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық 140 км/сағ құрайды.

, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Дереккөз: Zakon.kz