Алматыда 20 тамыз сағат 08:00-ден 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін Достық даңғылынан тұйыққа дейінгі учаскеде көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
AlmatyJoly Telegram-арнасының мәліметінше, аталған уақыт аралығында Достық даңғылынан тұйыққа дейінгі жол учаскесінде қозғалыс шектеледі.
Сонымен қатар, 20 тамыздан бастап Алматыда Мұратбаев көшесінің бір бөлігінде де бірнеше күнге қозғалыс шектелді. Бұдан бөлек, Жандосов көшесінде де шектеулер енгізілді.
