...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Наурызбай ауданының тұрғындары сел қаупіне байланысты эвакуациялануда

Алматыда сел қаупіне байланысты Наурызбай ауданының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.

Қауіпсіздік мақсатында Ақсай өзенінің арнасы бойында тұратын адамдар уақытша эвакуациялануда. Олар үшін Наурызбай ауданының мектептері базасында қабылдау пункттері ұйымдастырылған.

ТЖМ жедел штаб құрылғанын, азаматтық қорғау қызметтерінің күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Тұрғындар үшін 8 (727) 279-22-32 телефоны бойынша жедел желі ашылған. Жарияланым кезінде төрт өтініш түскен.

Құтқарушылардың мәліметінше, барлық іс-шаралар жоспарлы түрде өтуде, жағдай бақылауда.

Дереккөз: Inalmaty.kz