Алматыда жеткізу қызметінің қызметкері жергілікті тұрғынға қатысты ауыр қылмыстың алдын алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі NUR.KZ-ге сілтеме жасап.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Жас жігіт түнгі сағат үш жарымдар шамасында подъезден шығып бара жатып, күзет бөлмесінен әйел адамның көмек сұрап айқайлаған дауысын естіген. Ол бір секунд та ойланбастан, араласып, әйелге қатысты заңсыз әрекеттерді тоқтатқан. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы шақырылып, күдікті ұсталып, Медеу ауданы полиция басқармасына жеткізілген.
Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Полиция басқа мәліметтерді әзірге жарияламады,
делінген хабарламада.
Дереккөз: Nur.kz
