Алматыда футбол матчы кезінде бір көрермен саяси партияның туымен ойын алаңына жүгіріп шығып, қоғамдық тәртіпті және бұқаралық іс-шара өткізу қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Орталық стадионда өтіп жатқан футбол матчы кезінде бір көрермен саяси партияның туымен ойын алаңына шығып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Полиция қызметкерлері стадионның күзет қызметімен бірлесіп, заңсыз әрекетті дереу тоқтатты. Бұзушы алаңның өзінде ұсталып, Бостандық ауданы полиция басқармасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалды, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетінін ДП мәлімдеді. Тәртіп сақшылары азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекеттер, олардың жасалу себептеріне қарамастан, сондай-ақ спорттық іс-шараларды рұқсатсыз акциялар өткізу үшін пайдалану әрекеттері жол берілмейтінін және ҚР заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Дереккөз: Nur.kz