Алматыда R.O.I. атауымен әрекет еткен ірі қаржы пирамидасы анықталып, ұйымдастырушылар қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) мәліметінше, азаматтарды жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алу бағдарламаларына қатысуға тартқан. Ол үшін пай жинақтау шарттары жасалып, ақшалай жарналар қабылданған.
Тергеу барысында ұйымдастырушылар кооперативтен 94 млн теңгені аффилиирленген адамдардың, оның ішінде «Кәусар» жеке кәсіпкерлігінің шоттарына консультациялық қызметтерге ақы төлеу деген сылтаумен аударғаны анықталды.
Ұйымдастырушылар екі айға қамауға алынды. Соттың санкциясымен үш көлікке, 25 пәтерге, сондай-ақ банк шоттарына тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.
Бұған дейін Алматы облысында заңсыз жұмыс істеген «Альби» ломбардтар желісінің иесінен тергеу аясында 21 пәтер, 5 жер телімі, 7 автомобиль, 7 гараж, 2 дүкен және қонақүй тәркіленген болатын.
