
21 мамырдан бастап үш күн бойы Алматы мен Шымкентте нөсер жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы
21 мамыр: ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +13+15°С. Жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
22 мамыр: жауын-шашынсыз. Жел секундына 5-10 метр. Түнде +1+3°С, күндіз +13+15°С.
23 мамыр: жауын-шашынсыз. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +3+5°С, күндіз +20+22°С.
Шымкент
21 мамыр: күннің соңында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Күндіз желдің екпіні секундына 15-18 метр. Түнде +10+12°С, күндіз +25+27°С.
22 мамыр: жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ. Қатты жел мүмкін. Түнде +12+14°С, күндіз +20+22°С.
23 мамыр: түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, тұман. Жел секундына 5-10 метр. Түнде +10+12°С, күндіз +16+18°С.
Астана
21 мамыр: кей уақытта жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін. Түнде +15+17°С, күндіз +27+29°С.
22 мамыр: жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел. Жел секундына 15-20 метр. Түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С.
23 мамыр: кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел секундына 8-13 метр. Түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С.
Дереккөз: Zakon.kz