Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Шымкент және еліміздің 8 өңірінде қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ведомствоның ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, шілде айында ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалалары мен 8 өңірде қарудың заңсыз айналымын болдырмау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.
Барлығы 31 бірлік қару тәркіленді, оның ішінде 4 автомат, 20 мылтық, 7 тапанша, 2 граната және 278 оқ-дәрі.
Жедел-тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Дереккөз: Nur.kz