Наурызбай ауданында Тастыбұлақ өзенінің Сабденов көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі учаскеде жағалауды абаттандыру жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жоба аясында өзеннің екі жағалауында ұзындығы 1,4 км жаяу жүргіншілер аймағын құру көзделген. Аумақта тұрғындардың серуендеуі мен демалуына ыңғайлы маршруттар жабдықталады. Жұмыстар қоғамдық кеңістіктерді дамытуға және қалалық ортаның жайлылығын арттыруға бағытталған, деп атап өтті Наурызбай ауданы әкімдігінен.
Дереккөз: Almaty.tv