...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Үлкен Алматы көліне жаяу сапар: турист жарақат алып, құтқарылды

Үлкен Алматы көлі ауданында таудан түсу кезінде жарақат алған әйелді құтқарушылар эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1977 жылы туған әйел аяғын жарақаттап, маршрутты өз бетінше жалғастыра алмаған.

«Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, зардап шеккен әйелді эвакуациялап, оны «Аюсай» визит-орталығына дейін түсірді, онда ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы күтіп тұрды», — делінген хабарламада.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін әйел қалалық ауруханаға жатқызылды. Алдын ала диагноз бойынша оң аяғының жабық сынуы анықталған.

ТЖМ тауға сапарға шықпас бұрын өзінің физикалық дайындығын ескеру, қауіпсіз маршруттарды таңдау және міндетті түрде байланыс құралдарын алып жүру қажеттігін еске салды.

Дереккөз: Nur.kz