Алматы метросының кіреберісінде жиналған су 30 минут ішінде толық сорылып алынып, аумақ тазартылды, ал жолаушылар уақытша басқа кіреберіс арқылы жіберілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілі мәлімдеді. Оның айтуынша, апаттық қызмет мамандары суды жарты сағат ішінде толық сорып алып, аумақты тазалап шыққан. Су жиналуының салдарлары толығымен жойылды.
Сонымен қатар, Қазнетте метро станцияларының суға кеткенін көрсететін қорқынышты суреттер тараған. Желіде тараған фотосуреттерде су басқан кіреберістің қалай көрінгенін байқауға болады.
Айта кетейік, жаңбырдан кейін Алматыда бірнеше автобус шұңқырларға түсіп кеткен болатын.
