...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы метросында студенттен оқ-дәрі табылды

Алматы метросында кәмелетке толмаған жолаушыдан үш оқ-дәрі, болжам бойынша, жауынгерлік патрондар табылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Райымбек батыр» станциясында метрополитен полиция басқармасының қызметкерлері тексеру кезінде қаладағы колледждердің бірінің студентін ұстады. Жеке қарау кезінде жас жігіттен үш патрон, болжам бойынша, Калашников автоматына арналған оқ-дәрілер табылды.

Оқиға орнына Жетісу ауданы полиция басқармасының тергеу-жедел тобы келді. Оқ-дәрілер алынып, тиісті сараптамаға жіберілді.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқ-дәрілердің шығу тегі мен оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде.

Полиция қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Бұған дейін кассациялық сот бір патронды сақтағаны және тасымалдағаны үшін сотталған жас жігітке қатысты қылмыстық істі тоқтатып, оның әрекетін елеусіз және қоғамдық қауіп төндірмейтін деп таныған болатын. Ол патронды көшеден тауып, сөмкесіне салған, кейін оны ұмытып кеткен. Патрон бір жылдан кейін әуежайда тексеру кезінде табылған.

Дереккөз: Inform.kz