...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда күшті қар жауады: Бостандық және Медеу аудандарына ескерту

Алматының Бостандық және Медеу аудандарының таулы аймақтарында 12 қарашада түнде күшті қар жауады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с жетеді деп болжануда.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды:

• нашар бекітілген құрылымдар мен ағаштардың астына көлік қоюға болмайды;
• ауа райы жақсарғанша тауға баруды кейінге қалдыру керек;
• қала ішінде және одан тыс жерлерде жүргенде мұқият болу қажет.

Айта кетейік, 10 қарашада түнде Алматыда қатты жаңбыр басталып, су басуға әкеп соқты. Бір станцияның метро кіреберісі жабылды. Сондай-ақ Достық даңғылында тротуар опырылып құлады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, қаладағы жаңбыр 13 қарашада тоқтайды. Оның орнына -5°С дейін аяз келеді.