...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 27 маусымда 36 градус ыстық: құтқарушылар ескерту жасады

Алматы тұрғындары мен қонақтарын 27 маусым, сенбі күні күтілетін қатты ыстық туралы ескертіп, мұндай ауа райында сақтық шараларын айтты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі NUR.KZ-ге сілтеме жасап.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 маусымда мегаполисте күндіз 35-36 градус ыстық болады деп күтілуде. Сонымен қатар өрт қаупі жоғары сақталады. Осыған байланысты «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады.

ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады:

тауда демалғанда от жақпау, сөндірілмеген сіріңке мен темекі қалдықтарын тастамау; балаларды су айдындарының жанында және тұрақтағы автокөлік салонында қысқа мерзімге болса да қараусыз қалдырмау; мүмкіндігінше күндізгі уақытта ашық күн астында болуды шектеу, бас киім кию, көбірек су ішу және физикалық жүктемелерден аулақ болу.

Дереккөз: Nur.kz