...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

ТЖМ Алматы тауларында тәулік бойы бекеттер ашты: не болып жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы тауларында тәулік бойы жұмыс істейтін бекеттерді іске қосты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бекеттер Үлкен Алматы өзенінің алабындағы №13-бис және №10 көлдерінде, Аксай өзені алабындағы №8 және №9–10 көлдерінде, сондай-ақ жоғарғы ағыстағы «Күмбел» гидробекетінде орналастырылды.

Маусымдық бекеттер гидрологиялық жағдайды тұрақты бақылауды, көлдердің жай-күйіндегі өзгерістерді уақтылы анықтауды және қауіп төнген жағдайда ақпаратты жедел жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бұған дейін Алматы облысында да осындай биік таулы бекеттер іске қосылған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz