ТЖМ мәліметінше, оқиға «Қыз көз жасы» сарқырамасы ауданында теңіз деңгейінен шамамен 3100 метр биіктікте болған. 1988 жылы туған әйел сүрініп, құлап, құйымшағын жарақаттаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына келген Алматы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері зардап шегушіні арнайы зембілге жатқызып, оны Алмарасан тұрағына дейін жеткізіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырған.
Сондай-ақ құтқарушылар маршрутта болған тағы екі әйелді алып шыққан. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.
26 маусымға қараған түні Бутаковка сарқырамасы ауданында теңіз деңгейінен 2000 метрден астам биіктікте 2007 жылы туған бес жасөспірім бағдарын жоғалтып, Букерев шыңынан түсу кезінде өз бетімен жол таба алмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дереккөз: Zakon.kz