...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда тыйым салынған вейптердің ірі партиясы тәркіленді

Алматыда түнгі патрульдеу кезінде полицейлер Қазақстанда айналымына тыйым салынған вейптердің ірі партиясын анықтады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, «Буран-422» экипажы Бостандық ауданында Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін Hyundai көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жүргізушінің мінез-құлқы құқық қорғаушыларға күдікті көрініп, олар көлікті қарап шыққан. Көліктің багажнигінен полицейлер тыйым салынған вейптердің ірі партиясы салынған жәшікті тапқан.

Жүргізушінің айтуынша, ол курьер болып жұмыс істеп, жүкті тек көрсетілген мекенжайға жеткізуі керек болған.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полицейлер тауардың шығу тегін, оның иесін, сондай-ақ тыйым салынған өнімді жеткізу және сатудың ықтимал арналарын анықтап жатыр, — делінген хабарламада.

Дереккөз: Inalmaty.kz