...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Төле би көшесінің бір бөлігінде жол қозғалысы уақытша шектеледі

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінде жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Өтеген батыр көшесінен Вилюй көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағыттағы автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі. Өтуді қамтамасыз ету үшін Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары 16-18 шілде аралығында жүргізіледі. 18-20 шілде аралығында дәл осындай жұмыстар қарама-қарсы жақта өтеді, бұл кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады.

Жүргізушілерге алдын ала жүру бағытын жоспарлауға және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға кеңес беріледі.

Еске сала кетейік, 14 шілдеден 19 шілдеге дейін Ақан Сері көшесінде Сейфуллин даңғылынан Котельников көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабық. 8 шілдеден бастап жылу желілерін қайта жаңарту кезінде Немирович-Данченко бойынша батыс жағында — Рысқұловтан Райымбекке дейін қозғалыс ішінара шектелген. 13 шілдеден бастап Снегин көшесінде Мендіқұлов пен Достық даңғылы аралығында Самал-2 шағын ауданында қозғалыс шектелген. 29 шілдеге дейін Жуалы көшесінде Төле биден Райымбекке дейін инженерлік желілерді жөндеуге байланысты қозғалыс уақытша шектелген. 31 шілдеге дейін Сыздық көшесінің екі учаскесінде — Сыздық-Қайдар және Сыздық-Момышұлы қиылыстарында қозғалыс жабық. 14 шілдеден 25 тамызға дейін Төле би көшесінің Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі учаскесі жабық.

Дереккөз: Inform.kz