...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Төле би көшесінде ЛРТ құрылысына байланысты шектеулер енгізіледі

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде ЛРТ құрылысы кезінде инженерлік желілерді ауыстыруға байланысты бірнеше күнге жол жүру схемасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматыда ЛРТ жобасын іске асыруға байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде жол жүруді ұйымдастыру уақытша өзгереді.

«Инженерлік желілерді ауыстыру жұмыстары 16-18 шілде аралығында жүргізіледі. 18-20 шілде аралығында ұқсас жұмыстар қарама-қарсы жағында жүргізіледі, бұл кезеңде Төле би көшесінің оңтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады», — делінген хабарламада.

Жүргізушілерге жұмыстар жүргізілетін кезеңде алдын ала бағытты таңдап, уақытша жол белгілеріне назар аудару ұсынылады.

Дереккөз: Nur.kz