Алматының Түрксіб ауданындағы жеке сектордан тапаншаға ұқсас зат табылды. Ол алынып, сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Ол жерге тергеу-жедел тобы келген. Полиция мәліметінше, зат процессуалдық талаптарға сай алынып, сараптамаға жіберілген. Сарапшылар оның атыс қаруы екенін, шығу тегін, тиесілігін және бұрынғы құқық бұзушылықтармен байланысын анықтайды.
«Қару немесе оған ұқсас заттарды қолға алуға немесе өз бетінше жылжытуға болмайды. Табылған жайлы дереу 102 нөміріне хабарлау қажет», — делінген полиция хабарламасында.
Дереккөз: Nur.kz