Алматыда полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемеген Toyota көлігінің 42 жастағы жүргізушісі полициялық қуғыннан кейін ұсталды. Сараптама оның мас күйінде болғанын көрсетті.
Алматыда полиция қуғынға түскен 42 жастағы мас жүргізуші ұсталды. Ол Toyota көлігінде Сейфуллин даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында бұғатталды.