Алматыда 6 қыркүйекте GT SPORT FEST фестиваліне байланысты Төле би көшесі жабылады, ал Жұбанов көшесінде жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі.
Алматыда Жұбанов, Төле би көшелері мен Рысқұлов даңғылын салу жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында осы учаскелердегі жұмыстардың барысын тексерді.