...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Төле би мен Жұбанов көшелері уақытша жабылады

Алматыда алдағы күндері спорттық фестиваль мен жөндеу жұмыстарына байланысты екі көше учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

6 қыркүйекте мегаполисте Қала күніне орай GT SPORT FEST спорттық фестивалі өтеді.

Іс-шараның өтуіне байланысты 6 қыркүйекте сағат 00:00-ден 23:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі Төле би көшесінде қозғалыс толығымен жабылады.

Шектеулер қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ фестивальді ұйымдастыру үшін енгізіледі.

Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс схемасындағы уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.

GT SPORT FEST шамамен 1000 әуесқой мен кәсіби спортшыны біріктіреді. Бағдарламада — стритбол 3×3, киберспорт, брейкинг, BMX және автошоу.

Сонымен қатар, Алматыда Жұбанов көшесінің бір учаскесінде орташа жөндеуге байланысты қозғалыс уақытша шектеледі.

3 қыркүйек сағат 23:00-ден 4 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін Өтеген батыр көшесінен Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл учаскеде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жоспарланған.

Жұмыс жүргізу кезінде ескерту жол белгілері орнатылады. Жөндеу мерзімдері ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты түзетілуі мүмкін.

Жүргізушілерден сапарларын жоспарлау кезінде шектеулерді ескеріп, баламалы маршруттарды алдын ала таңдау сұралады.

Бұған дейін Өтеген батыр көшесінің Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі учаскесінде де қозғалыс шектелгенін еске саламыз.