Алматыда Халықаралық жастар күніне орай ALMA LOVE фестивалі басталды. Он күн бойы қала тұрғындарын білім беру форумдары, экологиялық акциялар, спорттық турнирлер, шығармашылық жобалар, кино көрсетілімдер мен концерттер күтіп тұр.
Алматыда «Youth Nomads» ұлттық спорт фестивалінің финалы өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры 3 млн теңге, 1000-нан астам қатысушы. Қатысушылар алты дәстүрлі пән бойынша күш сынасады.