Алматыда тоғыз автобус бағытының қозғалыс схемасы 15 шілдеден бастап уақытша өзгереді. Өзгерістер канализация коллекторының құрылысы мен жол жөндеу жұмыстарына байланысты.
Алматыда 21 мамырдан бастап №17 және №123 автобус бағыттарының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді. ЖЭО-1-ден электр желілерін реконструкциялауға байланысты.