...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда тоғыз автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді

Алматыда жол және құрылыс жұмыстарына байланысты тоғыз автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жаңартылған бағыттар 15 шілдеден бастап күшіне енеді. Батыс канализация коллекторының құрылысына байланысты Әбділдин көшесінен Абай даңғылына дейінгі учаске жабылады. Осыған орай, 15 шілдеден бастап №14, №22, №26 және №44 автобус бағыттары өзгертілген схемалар бойынша жүреді.

Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы — Мамыр көшесі — Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі — Бекешев көшесі — Әбділдин көшесі, әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Әбділдин көшесі — Бекешев көшесі — Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі, әрі қарай схема бойынша.

Оңтүстік бағытта: Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі, әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі, әрі қарай схема бойынша.

Оңтүстік бағытта: Алатау даңғылы — Абай даңғылы — Мамыр көшесі — Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі, әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі — Мамыр көшесі — Абай даңғылы — Алатау даңғылы, әрі қарай схема бойынша.

Оңтүстік бағытта: Медеубеков көшесі — Төлебеков көшесі — Жандосов көшесі — Бекешев көшесі — Әбділдин көшесі, әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Әбділдин көшесі — Бекешев көшесі — Жандосов көшесі — Төлебеков көшесі — Медеубеков көшесі, әрі қарай схема бойынша.

Төле би көшесін тесу жобасы аясындағы құрылыс-монтаж жұмыстарына және Ашимов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі учаскені уақытша жабуға байланысты 15 шілдеден бастап №15, №27, №76 және №118 автобус бағыттарының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді.

Солтүстік бағытта: Ашимов көшесі — Райымбек даңғылы (бұрылыс) — Райымбек даңғылы, әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Райымбек даңғылы — Ашимов көшесі, әрі қарай схема бойынша.

Солтүстік бағытта: Алатау даңғылы — Сабденов көшесі — Ашимов көшесі, әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Ашимов көшесі — Сабденов көшесі — Алатау даңғылы (бұрылыс) — Алатау даңғылы, әрі қарай схема бойынша.

Шығыс бағытта: Алтын Орда көшесі — Алатау даңғылы — Сабденов көшесі — Ашимов көшесі, әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Ашимов көшесі — Сабденов көшесі — Алатау даңғылы (бұрылыс) — Алатау даңғылы — Алтын Орда көшесі, әрі қарай схема бойынша.

Батыс бағытта: Ашимов көшесі — Сабденов көшесі — Алатау даңғылы (бұрылыс) — Алатау даңғылы — Абай даңғылы, әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Алатау даңғылы — Сабденов көшесі — Ашимов көшесі, әрі қарай схема бойынша.

Сонымен қатар, Алматы көлік холдингінің хабарлауынша, жол жөндеу жұмыстарына және «Алма-Арасан» кентінің бақылау-өткізу пунктіне дейінгі жол учаскесінің жабылуына байланысты №211 бағыттың соңғы аялдамасы уақытша «Сұраныс бойынша» аялдамасына ауыстырылады. Бұл режимде автобус жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін жүреді.

Сондай-ақ, 15 шілдеден бастап Алма-Арасан шағын ауданындағы жол жөндеуіне байланысты №211 автобусының соңғы аялдамасы уақытша «Сұраныс бойынша» аялдамасына ауыстырылды.

Еске салайық, 14 шілдеден 19 шілдеге дейін Ақан Сері көшесінде Сейфуллин даңғылынан Котельников көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылды. 8 шілдеден бастап жылу желілерін қайта жаңарту кезінде Немирович-Данченко көшесінің батыс жағында Рысқұловтан Райымбекке дейінгі учаскеде қозғалыс ішінара шектелді. 13 шілдеден бастап Самал-2 шағын ауданында Снегин көшесінде Мендіқұлов пен Достық даңғылы аралығында қозғалыс шектелді. 29 шілдеге дейін Төле биден Райымбекке дейінгі Жуалы көшесінде инженерлік желілерді жөндеуге байланысты қозғалыс уақытша шектелді. 31 шілдеге дейін Сыздық көшесінің екі учаскесінде — Сыздық-Қайдар және Сыздық-Момышұлы қиылыстарында қозғалыс жабылды. 14 шілдеден 25 тамызға дейін Төле би көшесінің Ашимов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі учаскесі жабылды.

Дереккөз: Inform.kz