Алматыда Бутаков шатқалында инженерлік желілер салу жобасы жалғасуда. Газ құбырының ұзындығы 2,7 км болады. Құрылысты 2026 жылдың қарашасына дейін аяқтау жоспарланған.
Алматыда 2026 жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуын 49%-ға, су бұру желілерінікін 48%-ға дейін төмендету жоспарлануда. Қалада автокөлік жуу орындарында қайталама сумен жабдықтау жүйелері енгізілуде.