...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда су мен су бұру тарифтері өседі

Алматыда су мен су бұру қызметтерінің тарифтері көтеріледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Алматы су» коммуналдық кәсіпорнының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Халық үшін ҚҚС-ты қоса есептегенде 1 текше метр суық су үшін тариф 178,06 теңге, ал 1 текше метр су бұру үшін 119,46 теңге болады.

Басқа тұтынушыларға (заңды тұлғаларға) – 1 текше метр суық су үшін 362,18 теңге және 1 текше метр су бұру үшін 264,75 теңге, бюджеттік ұйымдарға – сәйкесінше 1 текше метр суық су үшін 649,6 теңге және 1 текше метр су бұру үшін 189,14 теңге.

Суық су мен канализация тарифтерін түзетудің негізгі себептері ретінде пайдалану шығындарының өсуі, инфрақұрылым көлемінің ұлғаюы, еңбек ақы төлеу шығындары және инвестициялық міндеттемелер аталады.

2026 жылғы 12 қыркүйектен бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін электр энергиясының тарифтері өскен болатын. Олардың қазіргі мөлшерін осы жерден білуге болады.