Алматыда бұрынғы «Рахат» базарының аумағын абаттандыру басталды. 150-ден астам кәсіпкер базардан кетіп, аумақта демалыс аймағы мен автотұрақ салу жоспарлануда.
Алматы әкімдігі кафе мен мейрамханалардағы жазғы алаңдарды орналастыру ережелерін жеңілдетуді жоспарлап отыр. Қазіргі талаптар мұндай нысандардың уақытша сипатын ескермейді.