...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда 27 нысан тарихи ескерткіш мәртебесіне үміткер болды

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 2 қарашада тарихи, сәулеттік және мәдени құндылығы бар тұрғын және қоғамдық ғимараттарды зерттей бастаған арнайы комиссия туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алғашқы кезеңде зерделеу үшін 27 нысан іріктелді.

Олардың қатарында Satbayev University бас оқу корпусы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректораты, Ұлттық банк ғимараты, Абылай хан даңғылындағы бұрынғы Кеңестер үйі, Орталық мәдениет және демалыс саябағының аркасы, ЦУМ-ның ескі корпусы, Чайковский атындағы Алматы колледжі, Геология ғылымдары институты, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы, Киров атындағы зауыттың тұрғын үйлері, Нұрғиса Тілендиев пен Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық мұражайлары, «Атакент» кіреберіс аркасы және Республика алаңы бар.

Комиссия осы ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін зерделегеннен кейін қайсысын жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізуге ұсынуға болатыны айқындалады.

Бүгінгі таңда Алматыда мемлекет қорғауында 160 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның 34-і республикалық, 126-сы жергілікті маңызға ие.

Ескерткіштердің басым бөлігі Медеу және Алмалы аудандарында шоғырланғаны назар аудартады – тиісінше 65 және 50.

Жазда біз Алматыдағы аты аңызға айналған «Қызыл тан» маталар үйінің қалпына келтіруден кейінгі тағдыры туралы да жазған болатынбыз.