Алматының «Жұлдыз-1» шағын ауданында екі ауланы күрделі жөндеу аяқталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жөндеу барысында асфальт пен жарықтандыру жаңартылып, орындықтар мен жаттығу құралдары орнатылып, спорт алаңы жасалды.
Сонымен қатар, «Жұлдыз» шағын ауданындағы он тұрғын үйдің ауласы жөнделуде.
