Алматы жаңалықтары
Алматыда кәсіпкерлерге зиянды шығарындыларды азайтуға арналған жабдық алуға қаржы бөлінеді
Алматыда «Алматы Бизнес — 2030» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, кәсіпкерлерге зиянды шығарындыларды азайтатын жабдық алуға қаржы бөлу көзделген. Бұл туралы қалалық мәслихат сессиясында басқарма басшысы Берікбол Мандибаев мәлімдеді.