Алматы әуежайы терминал шатырының су астында қалуына байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Көлік министрлігі шұғыл кеңес өткізіп, азаматтық авиация комитеті әуежайды ӘҚБтК бойынша жауапкершілікке тартты.
Алматы әуежайының Т1 терминалын қайта жаңарту шілдеде аяқталады. Әуежай президенті Гокер Көсе көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты жаңғырту барысымен таныстырды.
ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Алматы әуежайындағы жаңғырту жұмыстарымен танысты: Т1 терминалы шілдеде аяқталады, Т2-де төбе жаңартылып жатыр. Бас жоспар бойынша өткізу қабілеті 40 млн жолаушыға дейін артады.