Алматы Open турнирінің ширек финалында қазақстандық теннисші Александр Бублик ресейлік Карен Хачановты үш партияда жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ширек финалдың үшінші матчында бірінші сеяный Даниил Медведев кортқа шығып, француз Теренс Атманды 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Содан кейін жартылай финалдың соңғы жолдамасын тағы бір ресейлік өкіл Карен Хачанов пен Александр Бублик сарапқа салды. «Алматы Аренаны» түгел толтырған көптеген жанкүйерді матчтың соңғы минуттарына дейін тең дәрежедегі қарсыластар арасындағы тартыс ширықтырды.
Бір брейк жасаған Хачанов бірінші партияны өз пайдасына шешті – 6:4. Екінші сетте іс тай-брейкке жетті, онда біздің теннисшіміз жеңіске жетті – 7:5.
Шешуші партияда да сценарий қайталанып, онда да Бублик үздік шықты – 7:5. Нәтижесінде Қазақстанның бірінші ракеткасы ерік-жігерлі күресте келесі айналымға жолдама алды.
Енді жартылай финалда 24 қазанда Александр Медведевпен кездеседі.
1/2 финалдың тағы бір жекпе-жегінде ертең Николоз Басилашвили (Грузия) мен Стефанос Циципас (Греция) күш сынасады.
